ЖБА кезіндегі дене қалпын күту
Бұл не нәрсе? қандай пациенттерге қажет және жатқан, отырған, тұрған қалыптар қалай ұйымдастырылады?
ЖБА бар пациент үшін дене қалпының маңызы қандай?
Және балаға өз дене қалпын ұйымдастыруға көмектесу неліктен өте маңызды?

Калып — адам денесінің жағдайы. Ол дене бөліктерінің тепе-теңдігі, бұлшықеттердің керілуі және тірекпен өзара әрекеттесу есебінен сақталады. Адам денесі тік қалыпты — табанға тірелу арқылы (тұру қалпы), көлденең қалыпты — арқаға тірелу арқылы (жату) немесе қол басы мен тізеге тірелу арқылы (төрттағандап тұру), сондай-ақ бөксеге тірелу арқылы (отыру) сақтайды [2].
Әдетте, біз әрдайым ыңғайлы қалыпта тұрғымыз, отырғымыз немесе жатқымыз келсе, бұл туралы ойланбаймыз және оны ешқандай күш жұмсамай-ақ жасаймыз. Бірақ қарапайым адам үшін қалыпты жағдай болып табылатын нәрсеге ЖБА бар пациенттің бұлшықет әлсіздігіне байланысты кейде қолы жетпейді. Дегенмен, адамның кез келген белсенділігі кезінде, кітап оқудан бастап әжетханаға баруға дейін, дененің белгілі бір қалыпты сақтауы маңызды.
Баланың үстел басында сурет салып отырғанын елестетіңізші: суретке басын иіп, ынталанғанынан тілін шығарып қозғалмай отыр немесе терезеден ауладағы достарына қол бұлғау үшін жан-жағына қарап, алаңдап отыр. Түстерді таңдайды, пішіндер мен сюжеттер ойлап табады; егер бір заттың суретін салса — оны үлгімен салыстырады, егер қолы кірлесе — оны сүрте немесе жуа алады. Ал енді баланың отыра алмайтынын елестетейік. Оған сурет салу ғана қиын болып қоймайды, сонымен қатар оның когнитивтік дағдылары (дамуына қарай заттардың атауын тану, түстер мен пішіндерді ажырату қабілеті) және өзіне-өзі қызмет көрсету дағдыларына күмән туады. Өйткені, егер адам дене қалпын ұстай алмаса, ол мойны мен басын басқара алмайды — демек, өз қолын және заттарды көрмейді; егер қолдарын басқара алмаса — демек, затқа қолы жетпейді, бір нәрсені жақынырақ көре алмайды, бояуды сүрте алмайды және т.б. Ойын ойнау, тамақ ішу, әлемді тану — жалпы алғанда, даму мүмкіндігіне күмән туады
Дене қалпына адамның белсенділігі ғана емес, сонымен қатар оның дағдыларды қалыптастыру мүмкіндіктері де байланысты: ол пирамида жинай ала ма, өзіне су құя ала ма, телефонда хабарлама жаза ала ма. Белгілі бір қалыпты қабылдау мүмкіндігіне тыныс алу мәселелері туындай ма, контрактуралар, сколиоз және басқа да асқынулар қаншалықты тез қалыптасады деген мәселелер байланысты болады. Сондықтан балаға дене қалпын ұйымдастыруға көмектесу — дәрігерлер айтқандай, оны «позициялау» — өте маңызды, бұған оның дамуы да, жалпы оңалтудың сәттілігі де байланысты болады.
Дене қалпының режимі және позициялау деген не?
Дене қалпының режимі — тиімді оңалтудың негізгі әдістерінің бірі және мұнда пациенттің отбасы үлкен рөл атқарады
Дене қалпының режимі — бұл дене қалпын ұйымдастыру мен оны ауыстыруға бағытталған кешенді тәсіл, барлық күнделікті тұрмыстық белсенділіктерді қамтитын белсенділік пен демалыстың ойластырылған режимі.
Пациенттер тәулігіне 24 сағат бойы дене қалпының режимін ұйымдастыруға мұқтаж, сондықтан маман баланың белсенділігін барынша арттыру үшін қандай қалыпты, қанша уақыт және қандай тәсілмен ұстап тұру керектігі туралы ұсыныстары бар бағдарлама әзірлейді. Бұл бағдарлама адамның дене қалпын өз бетінше қабылдап, ұстап тұра алатындығын немесе оған бұл үшін көмек қажет екендігін ескереді. Егер баланың мүмкіндіктері шектеулі болса, онда ерекше жағдайлар жасалады: физикалық терапия, респираторлық қолдау қосылады, сондай-ақ қауіпсіз функционалды қалыпты сақтауға көмектесетін құралдар таңдалады: позициялауға арналған жастықтар, тіреуіш білікшелер, ортездер, техникалық оңалту құралдары (ТОҚ) — мүгедектер арбасы, тіректер, таяқтар, роллатор-жүргіштер және т.б.
Қазіргі уақытта дене қалпының режимі — медициналық процедура шеңберінен шыққан тиімді оңалтудың негізгі әдістерінің бірі және ұсыныстардың көпшілігін орындау отбасының мойнына жүктеледі [4,5].
Позициялау — дене қалпы режимінің бір бөлігі, яғни белгілі бір қалыпты (отыру, тұру, жату) ұйымдастыру процесі.
Дене қалпының режимі мен позициялау кімге қажет?

Балада ЖБА-ның 3-типі, бірақ ол белсенді өмір салтын ұстанады, оған да дене қалпының режимін сақтау керек пе?
ЖБА-мен ауыратын пациенттерді күту бойынша ресейлік клиникалық ұсыныстарға сәйкес [6], ЖБА-ның барлық типі бар пациенттер белгілі бір дәрежеде дене қалпының режимін ұйымдастыруға мұқтаж, өйткені олардың барлығында тірек-қимыл аппаратының функциялары бұзылған. Бірақ екпін ЖБА типіне және нақты баланың ерекшеліктеріне байланысты әртүрлі болады, әрқайсысының дене қалпы мен дене қалпының режимін ұйымдастыруда өз мақсаттары мен міндеттері, позициялау уақыты, қажетті қалыпқа келтіру құралдары мен ТОҚ болады.
Позициялаудың мақсаттары ЖБА типіне байланысты
ЖБА типі және негізгі мәселелер
Позициялаудың мақсаттары
ЖБА 1
Бұл балалар позициялауға бәрінен де көбірек мұқтаж, өйткені олар отыру және тұру қалпын өз бетінше ұстай алмайды (немесе күшті компенсациямен ғана ұстай алады) және көп уақыт тек жатуға мәжбүр.
Жатқан қалыпта функционалды қалыпты және дененің жиі ауысуын ұйымдастыру. Бұл ұйқының сапасы мен ұзақтығын жақсарта алады (бұл ата-аналар мен қызметкерлердің ұйқы сапасын жақсартатынын айтпағанда).
Сүйекке түсетін тік жүктеме тапшылығын толтыру үшін отыру және тұру қалыптарын ұйымдастыру — бұл остеопороздың, ұршық буыны шығуларының және контрактуралардың түзілуінің алдын алу болып табылады.
ЖБА 2
Балалар көбінесе отыру қалпын өз бетінше ұстай алады, бірақ тірекпен немесе асимметриялы түрде.
Егер пациент өз бетінше жасай алмаса, жатқан қалыпта функционалды қалыпты және дененің жиі ауысуын ұйымдастыру.
Бұлшықеттерді әртүрлі режимде жаттықтыру үшін отыру және тұру қалыптарын ұйымдастыру, қозғалыс дағдылары мен белсенділіктің дамуын ынталандыру. Бұл сүйекке түсетін тік жүктеме тапшылығын толтыруға көмектеседі, осылайша тіннің минералды тығыздығының төмендеуінің, ұршық буыны шығуларының және контрактуралардың алдын алу болып табылады.
ЖБА 3
Белсенді өмір салтын ұстанады, бірақ үдей түскен әлсіздік жүріске және төзімділікке әсер етуі мүмкін. Біртіндеп мәжбүрлі қалыптар, жүрістің өзгеруі — жүру мүмкіндігінің толық жойылуына дейін қалыптасуы мүмкін. Позициялау әлсіздіктің алғашқы белгілері, мәжбүрлі қалыптар немесе қозғалыстағы шектеулер пайда болған кезде қажет.
Белсенділікті сақтау үшін отыру қалпын ұйымдастыру (бұл жерде өз бетінше позициялау және қалыпты өз бетінше ауыстыру, мысалы, орнынан тұру үшін орындықтар мен жұмсақ орындықтарды бейімдеу туралы сөз болып отыр). Егер алыс қашықтықтарға қозғалу қиындық туғызса, қол мен дененің функцияларын сақтау үшін белсенді отыру қалпын, мысалы, белсенді типтегі мүгедектер арбасында ұйымдастыру қажет.
Буындардың қозғалғыштығын сақтау [7].
Бала өз бетінше тұра алатын (ТОҚ көмегімен) және сүйекке түсетін тік жүктеме тапшылығын толтыру үшін сол қалыпты сақтай алатын процесті ұйымдастыру (әсіресе жүру мүмкіндігі барынша азайған жағдайда). Мұндай процесс тік тұрғызу деп аталады.
Позициялау сақталмаса не болады?

Бала өзіне ыңғайлы қалыпта жатыр немесе отыр — мұның несі проблема, оған неліктен қандай да бір ерекше қалыпты ұйымдастыру керек?
ЖБА кезінде бұлшықеттердің жұмысына жауап беретін жүйке жасушалары бұзылады, бұл қаңқа, тыныс алу және ас қорыту бұлшықеттерінің әлсіреуіне және соңында семуіне әкеледі. Бала мәжбүрлі қалыпта болуы мүмкін, яғни денесі қалай мүмкіндік берсе, солай жатуға немесе отыруға бейімделеді. Бұл қалып функционалды емес, сонымен қатар (онда қандай да бір әрекеттерді жасау қиын) ол әртүрлі мүшелер мен жүйелер тарапынан асқынулардың пайда болуына әкеледі, контрактураларға, ұршық буынының тұрақсыздығына, тыныс алу, ас қорыту, дәретханаға бару және т.б. проблемалар туындауы мүмкін.
Тыныс алу проблемалары. Тыныс алу функциясына тек мотонейрондардың жойылуы ғана емес, сонымен қатар позициялау да әсер етеді. Мәжбүрлі жату және/немесе отыру қалпында тыныс алу қиындайды: көмей мен өкпе функционалдығы төмен қалыпта болады. Мысалы, бала асимметриялы отырса — оның кеуде қуысы бір жағынан екінші жағына қарағанда көбірек қысылады — бұл тыныс алу бұлшықеттерінің онсыз да күрделі жұмысын одан әрі нашарлатады. Нәтижесінде өкпенің желдетілуі төмендейді, ал егер мұндай қалып басым болса, болашақта бұл кеуде қуысының қисаюына әкеледі [7]. Позициялау пациентке өз денесін ұстап тұруға барынша көмектесуге мүмкіндік береді, мүшелер табиғи қалыпқа келеді, асқынулардың дамуы баяулайды.
Дәретханаға бару проблемалары. Жиі пациенттер мен ата-аналар дәретханаға бару мәселесін талқылауға ұялады, бірақ бұл өте маңызды тақырып. Әжетханада немесе түбекте отыру — бұл да отыру қалпы, егер пациент өз бетінше отыра алмаса және кіші, үлкен дәретке бару процестері жөргекте, жатқан қалыпта жүзеге асса, проблемалардан қашып құтылу мүмкін емес. Қуықтың пішіні құтыға ұқсайды, пациент жатқан қалыпта болғанда «құты» толық босамайды — оның ішінде үнемі белгілі бір мөлшерде зәр қалып қояды, ал бұл қабыну процестеріне әкелуі мүмкін. Үлкен дәретке келетін болсақ, дәл тік қалып және жалпы дененің қозғалысы ішектің жиырылуына көмектеседі, ал негізінен жататын ЖБА-сы бар балаларда тоқырау құбылыстары — іш қату қаупі бар [7]. Әрине, ішек өз бетінше де жиырылады, бірақ ЖБА кезінде бұл функция әлсіреуі мүмкін.
Сүйектің минералды тығыздығы төмендейді. Сүйекке түсетін тік жүктеменің болмауы немесе тапшылығы — остеопороздың пайда болу себептерінің бірі [4,9].
Біздің ағзамыз өте қу жүйе және ол өзі пайдаланбайтын нәрсеге ресурс жұмсамайды. Егер бала тік тұрмаса, онда қаңқаға түсетін тік жүктемені алмайды, ал бұл ағзаға сүйектерді мықты күйде ұстамау туралы белгі береді, бұл өз кезегінде, остеопорозға және ұршық буынының шығуына әкелуі мүмкін.
Ағза жалпы әлсірейді. ЖБА бар пациенттердің физикалық жағдайы бұлшықеттердің күші мен төзімділігіне байланысты, сондықтан олар физикалық жүктемені қажет етеді. Отыру және әсіресе тік тұру қалыптарын дұрыс ұйымдастыру — бұл қазірдің өзінде жақсы жүктеме (қалыпты ұстап тұру, яғни денені қозғалмай ұстау, кейде қозғалыс жасағаннан да қиынырақ болады). Сонымен қатар, позициялау кезінде сколиоз сияқты асқынуларды ушықтырып алу қаупі кейбір қозғалыс жаттығуларына қарағанда әлдеқайда төмен.
Баланың психологиялық жағдайы нашарлайды. Позициялау асқынулардың дамуын баяулатуға мүмкіндік береді, демек, баланың өз бетінше әрекет ету қабілетін ұзағырақ сақтауына, айналадағы әлемді зерттеуге көбірек мүмкіндік алуына жағдай жасайды.
Позициялау кезінде не көмектеседі?
Егер бала қалыпты өз бетінше ұйымдастыра және ұстап тұра алмаса (отыру, тұру), онда қосымша құралдар — оңалтудың техникалық құралдары (ОТҚ) қажет.

Оңалтудың техникалық құралдары (ОТҚ) — пациенттің қозғалысындағы тұрақты шектеулерді өтейтін немесе жоятын құрылғылар. Мүгедектер арбалары, жүргіштер, көтергіштер, тіректер қозғалуға, қалыпты ұйымдастыруға, белсенділікті ынталандыру үшін жағдай жасауға, қозғалыс дағдыларын қалыптастыруға, ортопедиялық асқынулардың алдын алумен айналысуға көмектеседі. ЖБА-сы бар пациенттер үшін ОТҚ-ны баланың анатомиялық, функционалдық ерекшеліктеріне сүйене отырып және диагноздың клиникалық ерекшеліктерін, бойы мен салмағын, тұрмыстық жағдайларын ескере отырып маман таңдайды.
Егер ОТҚ таңдау туралы айтатын болсақ, онда тек бір диагнозға қарап балаға белгілі бір орындықтың келетін-келмейтінін және оған қанша құрал қажет екенін айту қиын. Әмбебап жауаптар жоқ, мұнда бәрі баланың өзіне және оның мүмкіндіктеріне байланысты — мысалы, ол отыру қалпын, басын ұстай ала ма және т.б. ОТҚ-ны таңдауға маман көмектеседі. Дұрыс таңдалған ОТҚ баламен бірге «өседі», сондықтан ОТҚ баланың өсуі бойынша бейімделуі қажет.
Как Жату қалпын қалай ұйымдастыру керек? позу лежа
Иә, жату қалпына да ерекше көңіл бөлу керек. Бұл неліктен қажет екенін және не істеу керектігін айтамыз.

Бұл неліктен маңызды
«Жату» қалпы — күш түсірмейтінқалып, бұл қалыпта біздің бұлшықеттерімізбарынша босаңсиды, ішкі мүшелер менбуындар физиологиялық қалыпқа келеді,бұл — тынығу қалпы. Бірақ ЖБА-сы барпациенттер тәуліктің едәуір бөлігінжатып өткізеді — ұйқы кезінде немеседененің тірексіз, өз бетінше қалыптарындабосаңсып жатады. Мұндай жағдай ахуалдыөзгертеді: жату қалпында дұрыс емесқалыптар қалыптасып, асқынулар —контрактуралар, буын шығуы, ойылуларпайда болуы мүмкін. Мысалы, ЖБА-сы барбалаларға тән «арқамен жатып, жамбастысыртқа қарату» қалпының салдарынан(егер жамбас бұлшықеттері әлсіз болса,адамға солай жату ыңғайлырақ) ұршықбуындарының сал болып шығуы қалыптасуы,сондай-ақ жамбас сүйегінің үлкенұршығында ауыр ойылулар пайда болуымүмкін.
Сондықтанбаланың төсектегі немесе кез келгенбасқа беткі қабаттағы қалпын функционалдытиімді әрі асқынулардың қалыптасуынаықпал етпейтіндей етіп ұйымдастырумаңызды. Дене қалпын жиі ауыстырып тұру,ішіндегі толтырғыштарының (тары,пенополистирол шариктері және т.б.)арқасында пішінін оңай өзгертетін жәнеқолдың, аяқтың, бастың салмағын өзінеқабылдайтын контурлы төсеніштер менжастықтарды пайдалану ұсынылады [6,7].
ОТҚ көмегімен қалыпты қалай дұрыс ұйымдастыру керектігін ата-аналарға ЖБА-сы бар пациенттермен жұмыс істеу тәжірибесі бар маман айтып, көрсетіп береді. Нұсқаулықтан кейін ата-аналар баланың позициялауымен өздері айналыса алады. Қалыпты ОТҚ-сыз да ұйымдастыруға болады, бірақ бұл жағдайда маман бөлек нұсқаулар беруі тиіс.
Қалыпты қалай ұйымдастырады?
Назар аударыңыз, біз позициялау процесінің жалпы қалай көрінетінін айтып отырмыз — бұл айқын екінші реттік асқынулары жоқ пациенттерге арналған. Егер қадамдардың кез келгені сізде сұрақ тудырса, оны мамандармен талқылаңыз.
Бұл қалыпты пациент өздігінен ұстай алады. Бұл жағдайда қолдардың белсенділігі сақталады немесе ынталандырылады: бала қолдарын көре алады, алдыңда тұрған заттарды немесе ойыншықты ұстай алады.
Не қолданылады
Орташа уақыт
таға тәрізді жастық немесе төсеніш;
Т-тәрізді білікше;
жай білікше.
30–40 минут
Мұндай қалыпты пациент өз бетінше ұстап тұра алады. Бұл қалыпта арқа жақсы сүйемелденеді, сәл алға немесе артқа бұрылуға болады. Мұндай қалыпта ұйықтау да, айналаны бақылап ояу жату да ыңғайлы.
Не қолданылады
Орташа уақыт
таға тәрізді жастық немесе төсеніш;
жастық;
Т-тәрізді білікше;
жай білікше.
30-40 минут. Қалып түнгі ұйқыға ыңғайлы
Бұл қалып арқа және мойын бұлшықеттерін нығайтуға, басты бақылауды, тепе-теңдікті жаттықтыруға, қолға тірелу үшін оларды нығайтуға мүмкіндік береді. Белсенділікті ынталандырады. Күндізгі уақытта қалыпты ауыстыру үшін көбірек қолайлы.
Не қолданылады
Орташа уақыт
науқастың кеудесінің астына қойылатын таға тәрізді немесе белдік тәрізді жастық.
40 минутқа дейін, дегенмен жеке балаға байланысты.
Неге назар аудару керек?
Қалыпты түзу ұстау. Егер буындар мүмкіндік берсе, пациент денесінің барлық сегменттері – қолдары, аяқтары, денесі және т.б. барынша түзу болуы тиіс.
Жұмсақ тіндерді сақтау. Тері, бұлшықеттер қысылып қалмауы керек.
Тепе-теңдікті (үйлесімділікті) сақтау. Қалыптың екі жағы тең болуы тиіс.
Тіректе орындау. Қолдары мен аяқтары ауада «ілініп» тұрмауы қажет?
Отыру қалпын қалай ұйымдастыру керек?
Баланы мүгедектер арбасына немесе отыруға арналған тірекке қалай дұрыс отырғызу керек?

Бұл неліктен маңызды?
Отыру қалпы дұрыс ұйымдастырылмаса, бала белсенді бола алмайды, өз бетінше су іше алмайды, тамақ іше алмайды, пирамида жинай алмайды, кітап оқып, сурет сала алмайды. Қате қалыпта балаға қолына бір нәрсені алу немесе бейнечат арқылы әжесіне қол бұлғау қиын болуы мүмкін, бірақ функционалды қалып ұйымдастырылса, бұл қозғалыстар мүмкін болады.
Қалыпты қалай ұйымдастырады?
Назар аударыңыз, біз процедураның жалпы қалай өтетінін айтып отырмыз — бұл айқын екінші реттік асқынулары жоқ пациенттерге арналған жалпы алгоритм. Егер тармақтардың кез келгені сізде сұрақ тудырса, оны мамандармен талқылаңыз.
Қалып отыруға арналған тіректе немесе мүгедектер арбасында ұйымдастырылады. Егер арба пайдаланылса, оны реттеу керек. Орындықтың тереңдігі баланың жамбас ұзындығынан 2 см кем болуы тиіс. Орындықтың ені — бұл баланың жамбас ені (киіммен) плюс 2 см. Орындықтың арқалығын баланың иық деңгейіне немесе төбесіне дейін теңейміз [4].
Не қолданылады
Орташа уақыт
мүгедектер арбасын немесе орындықты тіреуіш.
30–40 минут
Неге назар аудару керек?
Тек табан тірегімен орындау. Баланы мүгедектер арбасына ортопедиялық аяқ киімсіз, туторсыз отырғызбаңыз — бұл табан патологиясының өршуіне әкеп соғуы мүмкін.
Арқалықтың тік бұрышын сақтау. Егер маман басқаша тағайындамаса, арқалық пен аяқ тіреуішті орындыққа қатысты 90 градус бұрышпен реттеңіз.
Арқалықты бақылаңыз. Орындықтың арқалығын бөлек жатқызбаңыз — бұл баланың басы мен денесін бақылай алмай қалуына немесе қалыптың асимметриялы (қисық) болуына әкеп соғуы мүмкін.
Қалып белсенді болуы тиіс. Баланы орындықта бекіту үшін керек-жарақтарды тым көп пайдаланбаңыз. Иә, оларсыз мүлдем болмайды — бірақ бәрі баланың мүмкіндіктеріне байланысты. Бұны физикалық терапевтпен талқылаңыз.
Тік тұру қалпын қалай ұйымдастыру керек?
Неліктен тік тұрудың маңызды екені және алдыңғы тіректі немесе артқы тіректі ОТҚ-да тұру қалпын қалай ұйымдастыру керек?

Бұл неліктен маңызды?
Тік тұру қалпын ұйымдастыруды тік тұрғызу (вертикализация) деп атайды. Қалыпты жағдайда бір жасқа қарай бала өзі тұрып үйренеді, бірақ ЖБА кезінде бұлшықеттердің әлсіздігі балаларға бұл дағдыны меңгеруге мүмкіндік бермейді немесе бала тұрып үйренген күннің өзінде, уақыт өте келе бұл қабілетінен айырылуы мүмкін. Балаларға тік тұру қалпын ұйымдастыруға көмектесу үшін арнайы техникалық құралдар — әртүрлі типтегі тіректер мен тік тұрғызғыштар (вертикализаторлар) пайдаланылады: аяқты жан-жаққа ашу мүмкіндігі бар немесе онсыз, артқы және алдыңғы тіректі, сондай-ақ дөңгелекті тұруға арналған тіректер болады — мұндай ОТҚ-да орын ауыстыруға болады.
Тік тұрғызудың өзі — жақсы физикалық жүктеме, бұл бұлшықеттері әлсіреген балалар үшін өте қажет. Функционалды тік тұру қалпы ортопедиялық асқынулардың алдын алуға мүмкіндік береді, ұршық буынының дұрыс дамуына ықпал етеді, ішкі мүшелердің қалыпты дамуы мен жұмыс істеуі үшін жағдай жасайды. Тік тұрғызу сүйектердің беріктігін жақсартуға мүмкіндік береді деп есептеледі [6].
Қалыпты қалай ұйымдастырады
Назар аударыңыз, біз процедураның әдетте қалай өтетінін айтып отырмыз — бұл айқын екінші реттік асқынулары жоқ пациенттерге арналған жалпы алгоритм. Егер тармақтардың кез келгені сізде сұрақ тудырса, оны мамандармен талқылаңыз.
Артқы тіректі тік тұрғызу басын және денесін өз бетінше ұстай алмайтын балаларға, сондай-ақ тізе және толарсақ буындарында айқын контрактуралары бар (150 градус және одан аз) және артық салмағы бар балаларға (өйткені салмағы ауыр баланы алдыңғы тірекке орналастыру қиын, ал артқы тірек үшін көтергішті пайдалануға болады) көрсетіледі. Тік тұрғызу артқы тіректі ОТҚ — тік қалыпқа келетін және артқа қарай еңкейетін тіректің көмегімен жүзеге асырылады. Еңкейген кезде бала тіректің сүйемелдеуіштерінде жатады.
Баланы тірекке тұрғызбас бұрын оны процедураға дайындаңыз: мысалы, отырғызыңыз, бұлшықеттерді созу және қалыпқа дайындау үшін жеңіл гимнастика жасаңыз.
Не қолданылады
Орташа уақыт
вертикализацияны қолдау.
Күн сайын 60 минут. 30 минуттан екі рет жасауға болады.
Алдыңғы тіректі тік тұрғызу басы мен денесін өз бетінше жақсы бақылай алатын балаларға ұсынылады. Егер дене алға қарай еңкейтіліп қойылса, арқа мен мойын бұлшықеттері жұмысқа көбірек қосылады және балаға қолдарымен әрекет ету оңай болады. Тік тұрғызу алдыңғы тіректі ОТҚ — тік қалыпқа келетін және алға қарай еңкейетін тіректің көмегімен өтеді. Еңкейген кезде бала тіректің сүйемелдеуіштерінде жатады.
Тік тұрғызудың мұндай түрі бала үшін психологиялық тұрғыдан жайлы: ол алдына қарап, алдында және төменде не жатқанын көреді. Баланы тірекке тұрғызбас бұрын оны процедураға дайындаңыз: мысалы, отырғызыңыз, бұлшықеттерді созу және қалыпқа дайындау үшін жеңіл гимнастика жасаңыз.
Не қолданылады
Орташа уақыт
вертикализацияны қолдау.
Күн сайын кемінде 60 минут. 30 минуттан екі рет жасауға болады (бірақ дәрігердің көрсетілімдері бойынша уақыт өзгеруі мүмкін)
Неге назар аудару керек?
Жеке тәсілді қолдану. Тұру режимі, уақыты, тік тұрғызу типі, тіректің еңкею бұрышы, аяқты жан-жаққа ашу бұрышы және т.б. — мұның бәрі жеке сипатта болады. Маман әр пациент бойынша шешімді бөлек қабылдайды.
Ыңғайлы болуы тиіс. Кейбір балалар үшін бұл қалып жаңа болуы мүмкін, сондықтан басында әртүрлі реакциялар болуы ықтимал. Бірақ баланың шаршағанын байқасаңыз, процедураны аяқтаңыз. Егер баланың үнемі жайсыздық сезінетінін көрсеңіз, маманға жүгініңіз.
Табанға назар аудару. Міндетті түрде ортопедиялық аяқ киіммен, табаны бар ортездермен немесе ортез салынған кәдімгі аяқ киіммен тұру керек — баланың жалаң аяқ тұрмауы маңызды.
Өз бетіңізше реттемеңіз. Тіректі құрастыруды және реттеуді маман жүргізеді [11].
Артық керек-жарақтардан аулақ болыңыз. Тіректегі барлық сүйемелдеуіштер тұрақты қалыпты қамтамасыз етуі тиіс, бірақ белсенділікті шектемеуі керек. Керек-жарақтардың көп мөлшерін пайдаланбаңыз — әрбір нақты жағдайда бәрі баланың мүмкіндіктеріне байланысты. Физикалық терапевтпен кеңесіңіз [8]. Сонымен қатар, егер керек-жарақтар тағайындалса, олардың барлығын пайдаланыңыз — маманмен кеңеспей оларды шешпеңіз және орнын ауыстырмаңыз.
Теріге назар аудару. Баланың терісінде, сүйемелдеуіштермен жанасатын жерлерде қызыл дақтар пайда болуы мүмкін. Қалыпты жағдайда олар 15–20 минуттан кейін жоғалуы тиіс. Егер дақтар ұзақ сақталса, маманмен кеңесу қажет.
Тіректе кемінде бір сағат өткізу. Орташа алғанда, күніне кемінде 60 минут тұру керек — мұны бірнеше кезеңмен орындауға болады [8].
Егер бала ешқашан отырмаған болса. 14 айдан бастап мұндай пациенттерге баланы қозғалыс белсенділігіне ынталандыру үшін тік тұрғызу ұсынылуы мүмкін [5,12].
Гаже П.-М., Вебер Б. Постурология. Регуляция и нарушения равновесия тела человека. СПб, СПбМАПО, 2008.
Введение в эрготерапию / М. Н. Мальцева, Н. П. Ванчакова, Е. В. Мельникова, А. А. Шмонин. М., 2020.
Pountney T.E., Mulchahy C.М., Clarke S.M., Green E. M. The Chailey Approach to Postural Management: An Explanation of the Theoretical Aspects of Posture Management and Their Practical Application Through Treatment and Equipment Hardcover. 2nd edition. Chailey Heritage Clinical Services, 2004.
Pountney T.E., Mandy A., Green E.M., Gard P. Management of hip dislocation with postural management. Child: care, health and development. 2002. V. 28(2). P. 179-185.
Клинические рекомендации Министерства здравоохранения РФ «Проксимальная спинальная мышечная атрофия 5q» от 2021 года // Рубрикатор клинических рекомендаций Минздрава РФ.
Mercuri E., Bertini E., Iannaccone S. T. Childhood spinal muscular atrophy: controversies and challenges. Lancet Neurol. 2012. V. 11 (5), P. 443-452.т Д., Мейо Р. Специфические нарушения развития. Оксфордское руководство по психиатрии. Т. 2. Пер. с англ. / Киев: Сфера, 1999.
Оценка эффективности программы скрининга и мониторинга ранней профилактики ортопедических осложнений у детей с детским церебральным параличом / В. А. Змановская, Е. В. Кашуба, Р. И. Валеев, О. Ю. Ежов // Российский вестник перинатологии и педиатрии. 2019. 64 (6). С. 79-83.
Glickman L. B., Geigle P. R., Paleg G. S. A systematic review of supported standing programs. Journal of Pediatric Rehabilitation Medicine, 2010. V. 3 (3). P. 197–213.
Alriksson-Schmidt A., Burman Rimstedt A., Hägglund G. CPUP- A multidisciplinary secondary prevention program for individuals with cerebral palsy. International Journal of Integrated Care. 2019. V. 19 (4). P. 380.
Физическая реабилитация инвалидов с поражением опорно-двигательной системы: учеб. пособие / С. П. Евсеев, С. Ф. Курдыбайло, А. И. Малышев, Г. В. Герасимова, А. А. Потапчук, Д. С. Поляков. М: Советский спорт, 2010.
Haaker G, Fujak A. Proximal spinal muscular atrophy: current orthopedic perspective. The Application of Clinical Genetics. 2013. V 6(11). P. 113–120.
Mercuri E., Finkel R.S., Muntoni F. et al. SMA Care Group. Diagnosis and management of spinal muscular atrophy: Part 1: Recommendations for diagnosis, rehabilitation, orthopedic and nutritional care. Neuromuscul Disord. 2018 V 28(2). P. 103–115.
