Терминдер сөздігі

А

Аспирация — тамақтың немесе сұйықтықтың өңештің орнына тыныс алу жолдарына түсіп кетуі.

Б

Биоимпедансометрия — адам денесінің құрамын: май, бұлшықет және сүйек тіндерінің мөлшерін, сондай-ақ ағзадағы су көлемін бағалауға мүмкіндік беретін диагностикалық әдіс.

Брифабилити — адамның тыныс алуының түрлі тәсілдерін қалыптастыру әдісі. Брифабилити белсенді және терең тыныс алуды қалыптастыруға көмектесу, ағзаның оттегі қорын қалыпқа келтіру, созылмалы және жағдайлық гипоксиямен және оның салдарларымен күресу үшін қолданылады. Бұл әдісті қолданатын мамандардың бақылауы бойынша, ол респираторлық, лимбикалық жүйелерге, терең бұлшықеттерге оң әсер етеді: мұрынмен тыныс алу дағдысын, сөйлеу кезіндегі тыныс шығарудың ұзақтығы мен күшін қалыптастыруға, өкпе көлемін арттыруға, фасциалды және бұлшықет қысылуларын босатуға көмектеседі.

Г

Гастростома — тағам мен дәрілік заттарды тікелей асқазанға жеткізу үшін хирург орнататын арнайы түтікше. Бұл non-sitters санатындағы балаларды аспирация қаупінен қорғайды. Кейбір жағдайларда мұрын арқылы асқазанға жіберілетін назогастральды зонд қолданылады. Алайда, ЖБА (жұлын бұлшықет атрофиясы) бар науқастар үшін мұндай зонд өңеш сфинктерлерінің толық жабылуына кедергі келтіріп, рефлюкс немесе артық шырыш бөлінуі сияқты асқынуларға әкеп соғуы мүмкін. Егер балаға тұрақты түрде ӨЖЖ (өкпенің жасанды желдетілуі) қажет болса немесе сырқат кезінде сұйықтықты көп ішу керек болса, мұрын түтікшесі қолайсыздық тудырады.

Д

Денситометрия — сүйектің тығыздық деңгейін өлшейтін диагностикалық тәсіл. Зерттеу рентген сәулелері немесе ультрадыбыс арқылы жасалып, сүйек тінінің жай-күйін анықтауға көмектеседі.

Дене салмағының индексі (ДСИ) — адамның салмағы оның бойынақаншалықты сәйкес келетінін көрсететінесептеу өлшемі.

Ж

Жұлынбұлшықет атрофиясы (ЖБА) — ауыр, үдемелі жүйке-бұлшықетауруы. Генетикалық ақау салдарынанжұлын мотонейрондарының (бұлшықеттердіңжұмысына жауап беретін жасушалар)толыққанды жұмыс істеуіне қажетті SMN(survival motor neuron) ақуызы жетіспейді. Қозғалыснейрондары өліп, қаңқа, тыныс алу жәнежұтыну бұлшықеттері әлсірейді, соңындатолықтай атрофияға ұшырайды. Ауруәртүрлі жаста көрініс беріп, әртүрліжылдамдықпен дамиды.

Жүру — бұл көптеген қаңқа бұлшықеттерімен буындар қатысатын күрделібиомеханикалық процесс және бұл дағдынымеңгеру бәрінен де қиын.

ЖБА-сы бар балаларды логопедиялық оңалту  — соңғы жылдары ғана дами бастаған сала. Заманауи емнің арқасында ЖБА-мен ауыратын балалардың өмір сүру ұзақтығы артты, алайда олардың тыныс алу мен жұтыну бұлшықеттері әлі де әлсіз. Сондықтан логопед-оңалтушылар баланың сөйлеу, тыныс алу және тамақ ішу қабілеттерін дамытумен айналысады. Әзірге бұл бағытта нақты клиникалық нұсқаулықтар аз, сондықтан жұмыс мамандардың жеке тәжірибесіне негізделген. Бұл ақпаратты дайындауға 15 жылдық еңбек өтілі бар, соның ішінде ЖБА-сы бар балалармен 3 жыл бойы жұмыс істеп келе жатқан сарапшы Ольга Бурая қатысты.

К

Контрактура — бұлшықеттердің қысқарып, қатайып қалуы салдарынан буынның еркін қозғалу қабілетінің шектелуі. Бұл кезде бұлшықеттер әлсіреп, өзінің серпімділігін жоғалтады.

Л

Логопедиялық оңалту массажы — жұтыну мен шайнауды реттеуге, дауыс шығаруды жақсартуға және сөйлеу кезіндегі тыныс алуды дұрыс қалыптастыруға арналған әдіс. Ол сөйлеу аппараты бұлшықеттерінің тонусын қалпына келтіріп, салмақты неврологиялық бұзылыстарды түзетуге септігін тигізеді.

Логопедиялық массаж — бет, мойын, тіл мен ерін сияқты артикуляция мүшелерінің жұмысын жақсартуға бағытталған техника. Маман бұл процедураны қолмен немесе арнайы логопедиялық зондтар мен шпательдерді қолдану арқылы жасайды.

Н

Нутриенттер — ағзаның дұрыс жұмыс істеуі, өсуі, тіндердің қалпына келуі және энергия өндіруі үшін қажетті өмірлік маңызды заттар.

О

Ортездер — буындардың қалыпты жағдайын сақтау, қолдау, түзету және деформацияның алдын алу үшін жеке дайындалатын бекіткіш құрылғылар. Оларды сондай-ақ «туторлар» деп те атайды.

Оңалтудың техникалық құралдары (ОТҚ) — адамның физикалық шектеулерін өтеуге және жоюға көмектесетін ерекше техникалық шешімдері бар арнайы құрылғылар.

П

Психотерапевт — жоғары медициналық білімі бар, психотерапияның белгілі бір саласында (психоанализ, экзистенциалды терапия, гештальт-терапия және т.б.) маманданған дәрігер. Өз жұмысында психотерапиялық әдістерді де, дәрі-дәрмекпен емдеуді де қолданады.

Психолог — жоғары психологиялық білімі бар маман, ол ауруларға диагноз қоймайды және дәрі жазбайды. Психологиялық мәселелерді шешуге, қарым-қатынасты жақсартуға, дағдарыс сәттерінен өтуге және қорқыныштармен күресуге көмектеседі. Түрлі психотерапиялық бағыттардың әдіс-тәсілдерін қолдануы мүмкін.

С

Сөйлеу — адамның ең күрделі жоғары психикалық функцияларының бірі: ол қабылдау, зейін, ойлау және жад сияқты басқа да психикалық функциялар негізінде қалыптасады. Психолог Л. С. Выготский сөйлеуді тек қарым-қатынас құралы мен формасы ғана емес, сонымен бірге ойлау қаруы және адамның психикалық процестерін реттеу мен ұйымдастыру тәсілі деп анықтаған.
Созылу немесе бұлшықетті пассивті созу — бұл бұлшықеттің икемділігін сақтауға бағытталған жаттығулар кешені.

Сөйлеу

Т

Ф

Функционалды тиімді қалып  — бұл бізге қандай да бір істі істеуге, мысалы, тік тұруға көмектесетін қалып. Егер табан жоғары қарай бүгілмесе, бұл адамның тұруына кедергі келтірмейді, бірақ жүруге ыңғайсыз болады. Ал егер табанды 90 градус қалыпқа келтіру мүмкін болмаса, онда науқас тік тұра алмайды. Осылайша, табан үшін 90 градустық қалып функционалды тиімді болып саналады.

S

SMN (survival motor neuron) ақуызы — мотонейронның тіршілік ету ақуызы. Ол SMN2 және SMN1 гендері арқылы синтезделеді, бұл гендердегі мутация ақуыздың түзілуін бұзады.