Осы Келісіммәтінінде төмендегі терминдер келесідеймағынаға ие:
«Сайт» —пациенттердің ауру туралы хабардарлығынарттыру мақсатында ҚазақстанРеспубликасындағы «Новартис ФармаСервисез АГ» компаниясы филиалыныңқолдауымен әзірленген және келесісілтеме бойынша орналасқан sma.org.kz сайты.
«Пайдаланушы»,«Сіз», «Сіздің», «Сізді», «Сізбен» немесебасқа да ұқсас туынды сөздер (мәнмәтінгебайланысты) — (1) Сайтты пайдаланатынжәне/немесе оның Контентіне қол жеткізген;сондай-ақ (2) осы Сайтты қолдану арқылыосы Келісім мәтінінде баяндалған Сайттыпайдалану ережелерін сақтауға келісімберген тұлғаны білдіреді.
«Компания»,«Біз», «Біздің», «Бізді», «Бізбен» немесебасқа да ұқсас туынды сөздер (мәнмәтінгебайланысты) — Сайттың иесі болыптабылатын немесе оны басқаратын келесітұлғаны білдіреді: «Ракетная фирма»ЖШС, БСН: 130840013026, заңды мекенжайы:Қазақстан, 050026, Алматы қ., Медеу ауданы,Бегалин көшесі, 103-үй (оның ҚазақстанРеспубликасы аумағындағы және одан тысжерлердегі филиалдары мен өкілдіктерін,сондай-ақ Компанияны қайта ұйымдастырунәтижесінде құрылған кез келген басқатұлғаларды қоса алғанда).
«Сайтконтенті» — Компания және/немесе үшіншітұлғалар (Компанияның рұқсатымен) Сайттаорналастырған барлық объектілерді,соның ішінде дизайн элементтерін,мәтінді, графикалық бейнелерді,иллюстрацияларды, видеоларды,бағдарламаларды, музыканы, дыбыстарды,ақпаратты, хабарламаларды және соғанұқсас мақсаттағы кез келген басқаобъектілерді, олардың жиынтығын немесекомбинациясын білдіреді.
«СайттыңБҚ» — Компания (және/немесе Компанияныңтапсырмасы бойынша үшінші тұлғалар)Сайт үшін әзірлеген бағдарламалыққамтамасыз етуді, соның ішінде барлықсофтты, скрипттерді, кодтарды (HTMLкодтары), бағдарламаларды және т.б.білдіреді, бірақ олармен шектелмейді.
«Қызметтер»— Сайт контенті мен Сайттың БҚ жиынтығынбілдіреді.
«Жарнама»— кез келген тәсілмен, кез келген нысандажәне кез келген құралдардың көмегіментаратылатын, белгісіз тұлғалар тобынаарналған және жарнама объектісіне назараудартуға, оған деген қызығушылықтықалыптастыруға немесе қолдауға жәнеоны нарықта ілгерілетуге бағытталғанақпаратты білдіреді.
2.1.Пайдаланушылар Сайтты келесі мақсаттардапайдаланады: — пациенттердің аурутуралы хабардарлығын арттыру.
2.2. Осыарқылы Компания барлық және кез келгенматериалдардың тек ақпараттық сипаттаекенін, медициналық қызмет көрсетугеарналмағанын және дәрігер кеңесіналмастырмайтынын, сондай-ақ Пайдаланушыныңөз бетінше диагноз қоюы үшін пайдаланылмауытиіс екенін растайды.
2.3. ОсыПайдаланушылық келісім (бұдан әрі —«Келісім») Сайт пен Қызметтерді пайдалануережелері мен тәртібін, Пайдаланушылардыңқұқықтары мен міндеттерін айқындайды,сондай-ақ Пайдаланушылардың Сайт пенҚызметтерге қол жеткізу кезіндегііс-әрекеттерін реттейді.
2.4. ПайдаланушыСайтты пайдалануды жалғастыру арқылыосы Келісім шарттарын қабылдайды.
2.5. ОсыКелісім оның тараптары (яғни Компаниямен Пайдаланушы) үшін міндетті болыптабылады. Пайдаланушының осы Келісімбойынша өз құқықтарын басқаға беруітек Компанияның алдын ала жазбашакелісімін алғаннан кейін ғана мүмкінболады.
Жалпыкритерийлер және жас мөлшері
3.1. Сайттыпайдалану үшін Пайдаланушылар келесікритерийлерге (жиынтығында) сәйкескелуі тиіс:
1. 18 жасқатолған болуы;
2. заңдыкүшіне енген сот шешімі негізінде немесеқолданыстағы заңнамада не осы Келісімшарттарында көзделген жағдайлардаСайтқа және Қызметтерге қол жеткізуқұқығы шектелмеген болуы.
3.2. Сайттыпайдалану үшін қандай да бір тіркеуденөту талап етілмейді.
4.1. КомпанияСайттың бүкіл Контентіне, сондай-ақСайттың БҚ-на қатысты зияткерлік меншікнысандарын тиісінше пайдалану үшінқажетті барлық құқықтарға (олардыңКомпанияға тиесілі болуына байланыстынемесе Компанияның құқық иеленушілердентиісті рұқсат алуына байланысты, соныңішінде зияткерлік меншіктің мүліктікқұқықтарын қоса алғанда) иелік етеді.Аталған нысандарға арналған барлыққұқықтар қорғалған.
Сайттың БҚжәне Сайт контенті Қазақстан Республикасыныңқолданыстағы азаматтық заңнамасында,сондай-ақ зияткерлік меншік нысандарынқорғау саласындағы халықаралық шарттармен конвенцияларда көзделген тәртіппенавторлық құқықпен қорғалады.
4.2.Пайдаланушыларға Сайт контенті менСайттың БҚ-ын көшіруге, қайта шығаруға,түрлендіруге, компиляциялауға, таратуға,қандай да бір нысанда көрсетуге,жариялауға, жүктеуге, беруге, сатуғанемесе өзге де тәсілмен таратуға непайдалануға тыйым салынады, мұндайәрекеттерге осы Келісім шарттарыменнемесе Қазақстан Республикасыныңқолданыстағы заңнамасымен ТІКЕЛЕЙрұқсат берілген жағдайлар бұған жатпайды.
Сайттынемесе Контентті осы Келісімде рұқсатетілгеннен басқа мақсатта, немесе құқықиеленушінің мұндай пайдалануға анықбілдірілген келісімінсіз, құқықиеленушінің алдын ала жазбаша рұқсатынсызкез келген түрде пайдалануға ТЫЙЫМСАЛЫНАДЫ.
4.3. ОсыКелісім мәтініндегі ешбір ережеПайдаланушыға Сайт контентіне (толықтайнемесе оның жекелеген бөлігіне)және/немесе Сайттың БҚ-на қандай да бірайрықша құқықтарды беру ретіндетүсіндірілмейді.
Осы Келісімбойынша Пайдаланушыға Сайттаорналастырылған зияткерлік меншікнысандарына ешқандай айрықша құқықтарберілмейді.
Осы Келісімніңешқандай ережесі Пайдаланушыға Сайттыңфирмалық атауын, тауар белгілерін,домендік атауларын және басқа даерекшелік белгілерін пайдалану құқығынбермейді.
Сайттағымінез-құлық ережелері
5.1. Сайттыпайдалану кезінде Пайдаланушы келесіережелерді сақтауға міндеттенеді:
1. осыКелісімге қосылуына байланыстыПайдаланушы өзіне қабылдаған барлықміндеттемелерді орындау;
2. басқаПайдаланушылардың кез келген дербесдеректерін жинауға бағытталған қандайда бір іс-әрекеттерді (автоматтандыруқұралдарын пайдалана отырып немесеондай құралдарсыз) жасамау;
3. Сайттыңжұмысына нұқсан келтіруге бағытталғанқандай да бір іс-әрекеттерді жасамаужәне үшінші тұлғаларға мұндай әрекеттердіжасауға көмектеспеу, соның ішіндекелесілермен шектелмейді: (а) вирустардынемесе зиянды кодты жүктеу; (б) Сайттыңажыратылуына, Сайттың немесе Сайт БҚ-ныңқалыпты жұмысының бұзылуына немесеСайттың сыртқы түрінің және/немесе Сайтконтентінің нашарлауына әкеп соғуымүмкін іс-әрекеттер жасау;
4. заңсыз,алаяқтық, кемсітушілік немесежаңылыстыратын кез келген өзге деіс-әрекеттерді жасамау;
5. Сайттытек осы Келісімде көзделген заңдымақсаттарда және басқа Пайдаланушылардыңқұқықтарын бұзбайтындай, олардың Сайтқакіруіне және оны пайдалануына шектеуқоймайтындай немесе кедергі келтірмейтіндейтәсілмен пайдалану;
6. Сайтконтентін көшірмеу, қайта шығармау,қайта басып шығармау, жүктемеу, жарияламау,трансляцияламау, бермеу немесе өзге дежолмен пайдаланбау;
7. жеке,коммерциялық емес мақсаттарды қоспағанда,Сайт контентінің ешбір элементінбейімдемеу, өзгертпеу және олардантуынды жұмыстар жасамау. Сайт мазмұнынкез келген өзгеше пайдалану текКомпанияның алдын ала жазбаша келісіміменғана мүмкін болады.
6.1. КомпанияСайтта жарнама орналастырмайды.
7.1. Сайтарқылы қандай да бір тауарларды/Қызметтердісатып алу мүмкіндігі қарастырылмаған.
8.1. Сайтқажәне оның Қызметтеріне қол жеткізуПайдаланушылардан қандай да бір жазылымдыресімдеуді талап етпейді.
9.1. ПайдаланушыСайтты пайдаланудан кез келген сәттеөз еркімен бас тарта алады.
9.2. Компаниякелесі жағдайларда алдын ала ескертусізПайдаланушының Сайт пен Қызметтергекіруін тоқтатуға немесе шектеуге құқылы:(1) осы Келісім талаптары бұзылғанда;(2) Компанияның немесе өзге тұлғалардыңзияткерлік меншік құқықтарына нұқсанкелгенде; (3) Сайт жұмысына кедергікелтіретін немесе Компания мен үшіншітұлғалардың мүдделеріне қайшы келетінзаңсыз әрекеттер жасалғанда; (4)Пайдаланушының іс-әрекеті Компанияүшін құқықтық тәуекелдер тудырғанда;(5) заңнамалық талаптар немесе мемлекеттікоргандардың өкімі негізінде.
9.3. Пайдаланушыаккаунтты бұғаттау немесе Сайтқа кірумүмкіндігінен айыру нәтижесіндетуындаған кез келген шығындар, жіберіпалынған пайда немесе беделге келетіннұқсан үшін Компанияның жауап бермейтініменкеліседі.
10.1. ЕгерСізде осы Келісімнің шарттарына немесеолардың орындалу тәртібіне/тәсілінеқатысты сұрақтарыңыз болса, сұрағыңыздыкелесі тәсілмен бізге жолдай аласыз:hello@rocketfirm.com электрондық пошта мекенжайынахат жіберу.
10.2. Компанияқызметкерлері мен өкілдері Сіздіңсұранысыңызға қисынды уақыт ішіндежауап беру үшін барлық мүмкін болатынкүш-жігерін жұмсауға міндеттенеді.
11.1. ОсыКелісім Сайтта (келесі сілтеме бойынша: https://sma.org.kz/kz/terms-of-use жарияланған сәттен бастап күшіне енедіжәне белгісіз уақыт бойы қолданылады.
11.2. Біз осыКелісімнің шарттарын мезгіл-мезгілқайта қарауға, толықтыруға немесеөзгертуге құқылымыз. Мұндай өзгерістер,әдетте, өткен кезеңге қолданылмайды.КОМПАНИЯ ПАЙДАЛАНУШЫЛАРҒА КЕЛІСІММӘТІНІНДЕГІ КҮТІЛЕТІН НЕМЕСЕ ОРЫН АЛҒАНӨЗГЕРІСТЕР ТУРАЛЫ ХАБАРЛАУҒА ЕШҚАНДАЙМІНДЕТТЕМЕ АЛМАЙДЫ. Осы Келісім шарттарынақосылу арқылы Пайдаланушы осы Келісімшарттарында өзгерістер немесетолықтырулардың бар-жоғын мезгіл-мезгілтексеріп тұру міндеттемесін де өзінеалады.
Егер Келісіммәтініне өзгерістер немесе толықтыруларенгізілгеннен кейін Пайдаланушы Сайттыпайдалануды жалғастырса, бұл оныңөзгерістермен немесе толықтыруларментанысқанын және оларды ешқандайқарсылықсыз толық көлемде қабылдағанынбілдіреді.
ЕгерПайдаланушы Саясат шарттарымен келіспесе,онда Пайдаланушы Сайтты пайдаланудыдереу тоқтатуға міндетті.
11.3. Егеросы Келісімнің ережелерінде өзгешетікелей көрсетілмесе немесе қолданыстағызаңнама нормаларынан тікелей туындамаса,осы Шарттың талаптарына ҚазақстанРеспубликасының материалдық құқығықолданылады.
11.4. Құпиялылықсаясаты (дербес деректерді өңдеу) осыКелісімнің ажырамас бөлігі болыптабылады.
11.5. Егеросы Келісімнің бір немесе бірнеше талабыөзінің заңды күшін жойса немесеқолданыстағы заңнамаға сәйкес жарамсыздеп танылса, Келісімнің қалған талаптарыөз күшін жоймайды және заңды күшінжойған немесе жарамсыз деп танылғанталап мүлдем болмағандай әрекетінжалғастыра береді.
11.6. Сайтқажәне оның Қызметтеріне қол жеткізуПайдаланушыға «сол қалпында» беріледі.Біз Қызметтер мен Сайттың Сіздіңқажеттіліктеріңізге, мақсаттарыңызға,үміттеріңізге сәйкес келетініне немесекелмейтініне уәде бермейміз, кепілдікбермейміз және меңземейміз, соғанбайланысты Сіздің Сайтты және оныңҚызметтерін пайдалануыңыз нәтижесіндеқандай да бір ерекше нәтижеге немесесалдарға кепілдік бермейміз.
КомпанияСайт жұмысының үздіксіз және қатесізболатынына, сондай-ақ Сайттың немесеосы Сайтқа қол жеткізуді қамтамасызететін сервердің құрамында вирустармен бағдарламалық қателердің болмайтынынакепілдік бермейді.